
"Заманауи мұғалім" семинар-тренинг
Ағымдағы жылдың 11 маусымында №31 жалпы білім беретін мектеп базасында « Заманауи мұғалім» тақырыбында семинар-тренинг өтті.
Іс-шараның мақсаты: мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігін арттыру, заманауи педагогикалық технологиялармен таныстыру және креативті ойлау қабілеттерін дамыту болды.
Семинар барысында педагогтер заманауи мұғалім бейнесіне қойылатын талаптар, тиімді әдіс-тәсілдер және зерттеуші мұғалім моделін қалыптастыруға бағытталған тапсырмалар орындады.
Шара теория мен практиканың үйлесімін көрсетіп, қатысушыларға кәсіби шабыт сыйлады.