Маңғыстау облысының білім басқармасының Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің
"Оқу-әдістемелік орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі


XXVI республикалық «Абай оқулары» шығармашылық байқауы

  • user
  • 2025 ж. 21 мау.
XXVI республикалық «Абай оқулары» шығармашылық байқауы

XXVI республикалық «Абай оқулары» шығармашылық байқауы

МАҚТАНЫШ! ҚУАНЫШ! ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ! ????????
2025 жылдың 18–21 маусым күндері Семей қаласында жалпы білім беретін ұйымдардың 8–11 сынып оқушылары арасында өткен XXVI республикалық «Абай оқулары» шығармашылық байқауы биыл ерекше форматта – халықаралық деңгейде ұйымдастырылды.
Ұлы ақын, кемеңгер ойшыл Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына арналған бұл айтулы шараға Қазақстанның барлық өңірлерінен және алыс-жақын шет елдерден – Түрікменстан, Өзбекстан, Моңғолия, Қытай мемлекеттерінен 130-дан астам оқушы мен 50-ден аса жетекші қатысып, білім мен өнер сайысына түсті.
Байқау бес номинация бойынша өтті. Солардың бірі — «Сөз өнеріндегі ұлы Абай бейнесі» номинациясы бойынша Ақтау қаласындағы №16 С.Мұқашев атындағы мектептің 10 “А” сынып оқушысы Жолдасбаева Аружан жүлделі III орынға ие болып, жеңіс биігінен көрінді.
???? Жетекшісі: қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің білікті ұстазы Амандық Айжұлдыз Амантайқызы.
???? Жеңісті күндеріміз көп болғай! Жас дарын иелерінің талабына нұр жаусын!
Махина Сәндігүл Мұратқызы

Махина Сәндігүл Мұратқызы

Директор




Просмотры: 13629

Мемлекеттік сайттар