2025 жылғы 8-10 қазан күндері Атырау қаласында өткен республикалық «Махамбет оқулары» байқауынан Ақтау қаласының оқушылары жүлделі оралды!
Еліміздің барлық өңірінен 100-ден аса жас дарын қатысқан дүбірлі додада жас өрендеріміз жүлделі орындарға ие болып, мерейімізді үстем етті.
«Ел құтқарар ер едім...» - Махамбет шығармаларын жатқа оқу конкурсы бойынша Т.Айбергенұлы атындағы №19 мектеп-гимназиясының 11-сынып оқушысы Қайырғали Ардақ (жетекшісі Ф.Жайықова) – ІІІ орын;
«Шашақты найза, шалқар күй» - Махамбет күйлерін орындаушылар конкурсы бойынша «KVANT» мектебінің 9-сынып оқушысы Таңатаров Бақберді (жетекшісі Н. Реукенова) – ІІІ орын;
«Біз неткен ер, неткен ер? Сергелдеңмен өткен ер» - «Хандар мен ел билеушілер», «Батырлар» тақырыбының бірін қорғау бағыты бойынша «New Format» мектебінің 10-сынып оқушысы Дулат Нұрым (жетекшісі Ұ. Әбілда) – ІІІ орын.
«Ұлы арман» - Махамбет шығармаларынан иллюстрациялық суреттер салу бағыты бойынша Т. Айбергенұлы атындағы №19 мектеп-гимназиясының 11-сынып оқушысы Оралбек Ботагөз (жетекшісі А. Жарылғасынова) Алғыс хатпен марапатталды
Жүлделі орын алған жеңімпаздарға және оларды дайындаған жетекшілерге алғысымызды білдіреміз!