МАТЕМАТИКАДАН МҰҒАЛІМДЕР АРАСЫНДАҒЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ДОДАДА АҚТАУ КОМАНДАСЫ ТОП ЖАРДЫ!
Республикалық “Зерделі ұстаз” олимпиадасы – 2025
Математика пәні мұғалімдеріне арналған республикалық олимпиадада Ақтау қаласының командасы үздік нәтиже көрсетіп, 1-орынға ие болды.
Олимпиада барысында мұғалімдердің кәсіби біліктілігі мен терең білімдері сынға түсті. Ақтаулық ұстаздар жоғары деңгейде өнер көрсетіп, әділ қазылар алқасының жоғары бағасына ие болды.

Жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз!