Маңғыстау облысының білім басқармасының Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің
"Оқу-әдістемелік орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі


Кәсіби өсу: бір мақсат – бір даму

  • user
  • 2025 ж. 12 мау.
Кәсіби өсу: бір мақсат – бір даму

Кәсіби өсу: бір мақсат – бір даму

2025 жылдың 29 мамыры мен 11 маусымы аралығында Ақтау қаласы бойынша білім бөліміне қарасты он мектепте «Кәсіби өсу: бір мақсат – бір даму» қалалық әдістемелік жобасы аясында семинар-тренингтер өтті.

    Жобаның үйлестірушісі – Білім беру оқу-әдістемелік орталығының әдіскері Туржанова Балзия Саудабаевна.

    Семинарлар «21 ғасырдың заманауи мұғалімі», «Жаңа формациядағы мұғалім» тақырыптарында өтіп, 350-ден астам педагог қамтылды. Қатысушылардың 70% - жас мамандар.

    Семинарлар барысында мұғалімдер Блум таксономиясының жоғары деңгейінде ойлап, алған білімдерін тәжірибеде қолдану арқылы талдау жүргізді. Сонымен қатар, жеке зертханасын құруға дайын шебер ұстаздар анықталды.

    Іс-шаралар аясында ашық сабақтар, үздік тәжірибе тарату, мұғалімдер мен оқушылардың зерттеу жұмыстары, ата-аналармен серіктестік орнату бағытындағы жұмыстар жоспарланды.

    Жобаның басты мақсаты – ұжымның ынтымақтастығын нығайтып, мұғалімдердің кәсіби дамуына әдістемелік қолдау көрсету.

 
Махина Сәндігүл Мұратқызы

Махина Сәндігүл Мұратқызы

Директор




Просмотры: 13627

Мемлекеттік сайттар