Маңғыстау облысының білім басқармасының Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің
"Оқу-әдістемелік орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі


«Табиғат детективтері» эко-квесттер конкурсы

«Табиғат детективтері» эко-квесттер конкурсы

«Табиғат детективтері» эко-квесттер конкурсы

16.10.2025 жылы Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің «Оқу-әдістемелік орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен, жалпы білім беру ұйымдарының 14-15 жастағы оқушыларына арналған «Табиғат детективтері» эко-квесттер конкурсы «№32 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің базасында өтті. Экологиялық конкурсқа әр мектептен 115 оқушы қатысты. Байқау 4 кезең бойынша өтті:
1. «Классикалық квест».
2. «Морфеус квесті».
3. «Жанды квест»
4. «Экшенді квест».
Байқаудың қорытындысы бойынша:
І орын - "Жасқанат мектеп-лицейі" ЖШС «Сейсмо-8» командасы;
ІІ орын – «№7 лицей» КММ «Зеленые стражи» және «№32 ЖББМ» КММ «Эко детективтер» командалары;
ІІІ орын- «№21 ЖББМ» КММ «EkoBoom». «№13 гимназия» КММ «Шың» және «А.Байтұрсынов атындағы №28 жалпы білім беретін мектеп» КММ командалары;
Жеңімпаздар қалалық білім бөлімінің I, II, III дәрежедегі дипломдармен марапатталады.
І орын алған жеңімпаздар облыстық байқауға жолдама алды.
Махина Сәндігүл Мұратқызы

Махина Сәндігүл Мұратқызы

Директор




Просмотры: 13609

Мемлекеттік сайттар